1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған,- деп атап өтті Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Қандай құжаттар қажет: - ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші; - №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама; - 026/у-3 баланың денсаулық паспорты; - баланың екі дана 3х4 фотосуреті. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
«Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
«QAZSPORT» Қысқы универсиада ойындарын көрсетеді
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
"Төлемнен босатылған": Көлік министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді
Екі өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
«Жын шығарушы» емшінің ісі ІІМ-ге жетті»: Динара Зәкиева
Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды
Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Семейде оқушысын басынан ұрған офицер сөгіспен құтылып кеткен
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Абай болыңыздар!»: Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан