«1 сәуірден бастап бүкіл әлем жаңа валютаға көшеді» деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде осы жылдың 1 сәуірінде бүкіл әлем жаңа валюта – CBDC-ге көшетіні туралы жазылуда. Бұл цифрлық ақша, ал қолма-қол ақшаға тыйым салынады-мыс. Бұған қандай да бір дәлел бар ма? Stopfake.kz сайты анықтады.CBDC – бұл нақты валюта емес, әр түрлі елдердің Орталық банктеріне тиесілі барлық цифрлық валюталардың жалпы атауы. Яғни, әр елде басып шығаратын ақша секілді, цифрлық валюта да болуы мүмкін. Бүгінгі таңда әлемде CBDC тоғыз елде іске қосылды. Көптеген басқа елдер CBDC енгізу мүмкіндігін әлі зерттеп жатыр немесе пилоттық жобалар әзірлеуде. Алайда, осы жылдың бірінші сәуірінде CBDC енгізілгені туралы бірде-бір ел жариялаған жоқ. CBDC-ді Қазақстанда да енгізу жоспарланып отыр. Еліміздің Ұлттық Банкі цифрлық теңгені интеграциялау жобасын әзірлеуде. Алайда, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жоспар бойынша цифрлық валютаның толық интеграциясы тек 2025 жылы жүргізілуі тиіс. Бұл ретте цифрлық теңгені енгізу қолма-қол ақшаны пайдаланудың күшін жоюды немесе оған тыйым салуды білдірмейді. Ол қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдермен қатар пайдаланылатын болады, бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің сайтында жазылған. Осылайша, 2023 жылдың 1 сәуірінде әлемде, нақтырақ айтқанда, Қазақстан жаңа цифрлық валютаға көшеді дегенге сенуге негіз жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты