1 сәуірден бастап не өзгереді?

1 сәуірден бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударайық.1 сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған,- деп атап өтті Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Қандай құжаттар қажет: - ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші; - №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама; - 026/у-3 баланың денсаулық паспорты; - баланың екі дана 3х4 фотосуреті. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр. Қазақстандықтар Қазанға тікелей ұша алады Ақтөбеден Қазанға әуеқатынасы жаңартылады. QAZAQ AIR әуекомпаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Ақтөбе-Қазан» бағытындағы рейс қайта жанданады. Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген): IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40 IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20 Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған: Астана -Ақтөбе — Қазан Атырау – Ақтөбе — Қазан Ақтөбеде 1 сәуірден бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді Ақтөбеде 1 сәуірден бастап зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді. Осы уақытқа дейін, мұндай жеңілдікті тек соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар және бірінші, екінші топтағы мүгедектер пайдаланып келді. Ал зейнеткерлерге 2021 жылдың қыркүйегінен бастап, 50% жеңілдік қарастырылған еді. Қазір, облыс орталығында жолаушыларға бес тасымалдаушы мекеме, 320 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Жуырда жаңадан 30 автобус әкелінген. Жыл соңына дейін тағы елуі келуі тиіс. Оқушыларға IV тоқсан басталады Оқушылар көктемгі 11 күндік каникулдан кейін 1 сәуірде оқуға кіріседі. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады. Полиция аттестациядан өтеді Аттестация 1 сәуірде басталады. Бұл аттестаттаудың басты мақсаты – басшы лауазымдарды талантты және кәсіби білікті қызметкерлермен жасақтау үшін кадр резервін қалыптастыру. Жалпы кезектен тыс аттестаттауға жататын лауазымдар тізбесі жеке құрамның 6%-ын құрайды. Аттестацияны өткізу үшін Ішкі істер министрі мен оның орынбасарларының төрағалығымен орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы бекітілді. Орталық комиссияның құрамына Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді. Аттестаттау ретімен жүргізіледі. Мынадай кезеңдерден тұрады: - физикалық және атыс даярлығы; - Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және логикалық ойлауды тексеру үшін компьютерлік тестілеу; - орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу. Қазақстанда мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді 1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модуль іске қосылады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған. Сондай-ақ педагогтерді аттестаттауда құжаттарды тапсыру бойынша да автоматтандыру енгізіліп жатыр. Енді педагогтердің барлық мәліметі «Педагог портфолиосы» модулінде жинақталады. Мұнда педагог туралы, оның білімі, денсаулық жағдайы, жұмыс тәжірибесі, құқық бұзушылықтар, аттестаттаудан өту, марапаттары және тәлімгерлік пен цифрлық құжаттар туралы электронды ақпарат сақталады. Қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады 8-18 сәуір аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтінім беру үшін қажет: - Порталда тіркелу; - грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; - порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-жоспар жарамайды); - өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады. Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: - еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар азаматтар; - қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; - өңіраралық қоныс аударушылар; - атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар; - Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); -асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Сонымен қатар, гранттар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Грант иегері атанған азамат хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.

ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
  • aqshamnews
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
Тәуелсіздік мерекесіне орай  полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
  • el.kz
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
  • aqshamnews
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
  • aqshamnews
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
  • aqshamnews
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
  • aqshamnews
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
  • aqshamnews
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
  • aqshamnews
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
  • Massaget
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
  • aqshamnews
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
  • aqshamnews
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
  • baq.kz
  Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
  • aikyn
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
  • el.kz
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
  • sn.kz
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
  • sn.kz
  Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
  • aikyn
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
  • baq.kz
 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aqshamnews
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
  • Massaget
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
  • 1bol.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
  • el.kz
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін марқұм Шерзат туралы айтты
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін марқұм Шерзат туралы айтты
  • turkystan
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі белгілі болды
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі белгілі болды
  • bassport.kz
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
  • sn.kz
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
  • almaty_tv
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
  • sn.kz
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
  • turkystan
Жүк көлігінің жүргізушісі 8 адам қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылды
Жүк көлігінің жүргізушісі 8 адам қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылды
  • turkystan
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
  • halyq-uni
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
  • turkystan