1 шілдеге дейін көлігін заңдастырып үлгермегендер не істейді?

1 шілдеде 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«ҚР ІІМ басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, 23 қаңтардан бастап елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізді. 1 шілдеде заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылды. Осы аралықта 196 мың автокөлік заңдастырылды», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингіде. Сондай-ақ қазақстандық есепке 12 мыңнан астам конструктор-автокөлік қойылды. «1 шілдеге дейін өтінім берген барлық азаматтарға автокөліктері заңдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, заңдастыру құқығы беріледі.ЕАЭО елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келсек, олардың иелері көлікті кері әкетеді. Ал егер басқа елдегі бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылса, Қазақстанда кейіннен бастапқы тіркеу туралы міндеттеме және 5 жылға Қазақстанда уақытша есепке қою құқығы берілмек», - деп түсіндірді ресми өкіл. Уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және ҚР мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. Тіркеу туралы куәлікте «уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз» деген жазбалар көрсетіледі. Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сақтауға тапсырылады. «Егер Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуді шешсе, олар ҚР тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек, содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылады. Ал автокөлік бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарылса және Қазақстан азаматтары оларды Қазақстанда бастапқы тіркеуді ұйғарса, утиль алымынсыз, бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадағы автобус апатынан екі адам зардап шекті
Қазақстандық ұстаздардың жартысы 600 мыңға жуық айлық алады
Бозкілемде атой салған балуандар
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
«Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреді»: елорда көшесінде болған жағдай видеоға түсіп қалды
Семейде өрт сөндірушілер 7 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Криштиану Роналду әйелінің көзіне шөп салғаны үшін 99 рет дүре салу жазасына кесілді – БАҚ
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді онлайн беруге болады
«Елден кетіп қалған»: Бас прокуратура Нығматулин бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді
«Қауіпсіз қала»: «Жастар Рухы» белсенділері қаланы қауіпсіз етуге қолғабыс етті
Шаңғы: Ерлер кезекті жарысты аяқтады
БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда аймақтық орталық құру туралы қарар қабылдады
«Қауіпсіз қала» акциясы: «Жастар Рухы» мен полиция бірлескен рейд өткізді
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
Қайрат Биекенов: Ту ұстап шығатынымды Лиллехаммерде білдім
«Қазақмыс» 8 кен орнын шетелдіктерге сатпақ»: компания мәлімдеме жасады
Жетісу облысында қанша туристік нысан бар
7 жыл бойы гемодиализде болған пациентке жүрек қақпақшасы сәтті имплантатталды
«Қауіпсіз қала»: «Жастар рухы» мен полиция қызметкерлері түнгі рейд жүргізді
Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасады
Жаңа егіннің 5,8 млн тоннасы экспортталды
Алматыға былтыр келген туристер саны 2 миллионға жуықтады– в итоговом выпуске новостей (04.03.2025)
Қазақстанда 16 мыңнан астам адам артық салмақтан зардап шегеді
Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ