«10 жасар өгей қызын зорлады деген жала жабылды»,- заңгер

«Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген жала жабылды». 10 айдан бері қамауда отырған күдіктінің заңгері осылай дейді. Қылмыстық іс өткен жылдың 29-шы тамызында Алматы облысында тіркелген. 1985 жылы туған азамат 10 жасар өгей қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген. Алайда бүгінгі күнге дейін 14 сарапшы қатысқан бірнеше сот-медициналық сараптама жасалған. Нәтижесінде жәбірленушіге зорлық көрсетілгені дәлелденбеді. "Облыстық прокуратура өкілдері ер адамның кінәсіз екеніне толық көздері жетсе де, оны босатудан белгісіз себептермен бас тартып отыр",- дейді заңгер Ғабит Өмірбек. Ғабит ӨМІРБЕК, ЗАҢГЕР:Қылмыстық Кодекста ең ауыр бап болып саналады жасөспірім қызға зорлық көрсетті деген. Оны жасамай, қамаққа алу – одан да ауыр, егер адам кінәсіз сол баппен қамалып кетсе. Шынымен де жігіттің кінәлі емес екендігіне көзім жетті. Қылмыстық істі ҚПК-тің 35-бабының 1-ші тармағы, 2-ші тармақшасына сәйкес жабу қажет. Алайда егер олай тоқтататын болса, конституциялық құқығына нұқсан келді деп оны қамаған прокурорлар, тергеушілер жауапкершілікке татылады. Олар одан қорқып отыр. Алматы облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, қазір iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, қалың қар, көктайғақ: 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Таразда бір жыл ішінде үшінші "Жайлы мектеп" ашылды
Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үшін видеобақылау камералары орнатылады
СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Жамбыл облысында медицина мекемелеріне 20 жаңа автокөлік табысталды
Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарды
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Алматыда 1989 жылы салынған мектептің күрделі жөндеуі аяқталды
Құтқарушылар түнде адасып кеткен балықшыларды тапты
Әскери спортшылар Ереванда өткен әлем чемпионатында үш жүлде иеленді
Қазақстан мен Ресей мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады
Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөнінде нормалар қосылды
Қарағанды облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
Алматы облысында алаяқтық ісі бойынша жаңа дерек анықталды
Алматылықтар Алматы әкіміне жаңа жаяу жүргіншілер аймағы үшін алғыс білдірді
Нодира Ахмедова Қазақстан чемпионы атанды
«Мені зорлады»: Жігітке жала жапқан әйелдің өзі 4 жылға сотталды