"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова "Жақсы адамдарым" бағдарламасында Жұлдыз Абдукаримованың 10 жыл бойы неге ел алдына шықпағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Қайраттың сахнаға шығып жүрген кезі. Басынан бастап Жұлдызға түсіндіріп айттым. "Жұлдыз, бұл енді-енді сахнаға шығып жатыр. Халықтың адамы болады. Ертең үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады. Сол кезде екеуің ұрсысып, менің көңіл-күйімді түсірмейсіңдер ме" деп сұрадым. "Мен де өнер адамы болғасын, мен де түсінемін" деп жауап берді Жұлдыз. "Біздің көзімізше ұрыспаңдар, ұрыстарыңды біз көрмейтін болайық" деп уәделестік. Сол уәдесі уәде, Жұлдыз біздің көзімізше ұрсысқан жоқ. Сосын балаларын дүниеге әкелді. 10 жыл үйде қамақта отырған жоқ. Көлігін айдап үйренді, оқуын оқыды. Қайратпен бірге шетелге қыдырып, ағайындардың арасында жүрді. Екі ұл, екі қызы өскен соң Жұлдыздың ата-анасына "Жұлдыздың жұлдызын жандырамын" деп уәде берген едім. Содан кейін уақыты келді дедім. Бір жыл киноның сценарийін іздедім. Сөйтіп, Жұлдызды актриса ретінде танытпақ болып, осылай кино түсірдік. Айналып келгенде мұның бәрі Қайраттың еңбегі, біз тек себепкер болдық", - деді продюсер.Сондай-ақ, ол "Арман" бейнебаянын түсірерде Жұлдызды да өзі таңдағанын айтты."Қайраттың туған күніне бірге оқитын қыздар келді. Соның ішінде Жұлдыз да болды. Қарап отырып, Жұлдыз қатты ұнап қалды. Қайрат пен Жұлдыздың көзқарасын да байқадым. "Маған осы қыз ұнады" деп Жұлдызды бейнебаянға түсіретін болып шештім", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қазақстанда қанша жетім бала бар?
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқарады
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
Доллар бағамы тағы құбылды
Екібастұзда ата-анасының ішімдік ішкенінен шаршаған бала әжесіне кетіп қалған
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды