"10 жылға дейін сотталуы мүмкін": полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілгенін еске салды

Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы жазды. "19 мамырдан бастап "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Бұл заң бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін де жауапкершілік күшейтілді", - дейді ІІМ өкілдері.Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгілері енгізілген."Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды", - дейді ІІМ өкілдері. Сонымен қатар ведомство әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін екенін де атап өтті. "Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз", – дейді ІІМ өкілдері. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады