Мәдениет министрлігі мемлекеттік концерттер мен іс-шараларды қаржыландыру нормаларына түзетулер әзірледі. "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта бірқатар әншілердің мемлекеттік концертте ән айтқаны үшін қанша гонорар алатыны жарияланды. Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру нормалары туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Мамандар салыстыру мақсатында әншілер мен олардың гонорарын кестемен көрсетті. Сонымен қатар "Ашық НҚА" порталында әншілердің гонорарының әр түрлі болуына не әсер ететіні аталды. Портал мәліметінше, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған мерекелік іс-шаралар мен гала-концерттерді өткізу қызметінің құны әртістердің мәртебесі мен беделіне, сондай-ақ орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейі мен концертке дайындық уақытына (дайындық 3-7 күн немесе одан да көп) байланысты екенін мәлім етті. "Өткізу форматына қарай концертке бір мезгілде "Қазақстан Еңбек Ері", "КСРО халық әртісі", "Қазақ КСР халық әртісі", "Қазақстанның халық әртісі" атағы бар әншілер қатыса алады. Мысалы: Әлібек Дінішев – от 5 000 000 теңге; Роза Рымбаева – 5 000 000 теңге; Айман Мұсаходжаева – 5 000 000 теңге; Үсенбаева Нұржамал – 2 000 000 теңгеден бастап және де басқа әншілер", - деп көрсетілді кестеде.