Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында — 278 адам, содан соң Қарағанды — 217, Павлодар — 170, Алматы облыстарында — 152 адам тіркелген. Үйден кетіп, оралмаған — 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған — 73, жұмыстан кеткен — 38 адам дерексіз. «Көбінесе 30-49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша: Алматы қаласында (496) Астана қаласында (183) Шымкент қаласында (149) Алматы (164) Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде», — деп жазды бақылаушы органнан. Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.