Елордада ауыл оқушыларын қолдауға және сапалы білім алуға бағытталған «IQANAT» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Бәйгеге еліміздің 166 елдімекенінен 37 мыңға жуық оқушы қатысқан. Соның 824-і ақтық сынға жолдама алды. 120 бала грантқа ие болды.Толқын НАРТАЕВА, «IQANAT» БІЛІМ ҚОРЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КООРДИНАТОРЫ: 11 оқушы келесі жылы 9 сыныпта бір жыл бойы мектептің онлайн дайындалуы бойынша мектепке дайындалады. 10-11 сыныпта аталған оқушылар сол жерде тегін оқитын болады. Ал басқа оқушылар біздің Жамбыл облысынан келген 3 жыл бойына ҰБТ-ке осы қордың қолдауымен дайындықтан өтетін болады. Одан бөлек оларда жазғы, қысқы дайындық сабақтары, көптеген жарыстар, сайыстар, екі апталық курстар, оқу-жаттығу жиындары «IQANAT» мектебінің базасында өтетін болады. Білім бәсекесіне 8-ші сынып оқушылары қатысады. Балалар Олимпиадада 6 пәннен тест тапсырды. Сондай-ақ, оқушылар бір таңдау пәнінен сынға түсті. Осылайша, барлығына бірдей жеңімпаз атану мүмкіндігі беріледі. Ибрахим ӘДІЛЖАНОВ, БҚО СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Ең басында «IQANAT»-қа кірер кезде тест тапсыруға отырдық. Ол кезде менде көп қобалжу болды. Күні-түні дайындалғасын өзім дайындалған сұрақтар келді. Кішкене қиын сұрақтар болды. Логика жағынан қиын сұрақтар болды. Соны логикаға салып шештім.