11 адамды өлтіріп, жазасын өтеп шыққан петропавлдықтың суреті жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық, зорлау, ұрлық және кісі өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам бостандыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Тоқсаныншы жылдардың соңында Петропавл тұрғындарын үрейде ұстаған қылмыскердің қолынан 10 әйел мен бір кішкентай қыз зардап шекті. Ер адам халық аз жүретін жерлерді торуылдап, құрбандарының артынан келіп, балтамен бастан ұрған. Зорлап, тонап, шешіп алған алтын бұйымдарды әйеліне сыйлаған. 1999 жылы қолға түскен. Енді жазасын өтеп бостандыққа шықты. Бұл хабарды Петропавл тұрғындары үреймен қарсы алды. Қазір түрлі мессенджерлерде және әлеуметтік желіде бірін-бірі ескерткен хабарламаларды кездестіруге болады. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны осы жылдың 12 қаңтарында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шықты. Алайда оған соттылығы толық өтелгенге дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген. Сот есепте тұрған адамға қатысты бірқатар шектеулер белгіледі: тұрғылықты үйінен сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін, қала сыртына шығуға болмайды, ішімдік мен есірткі тұтынуға, демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Белгіленген талаптарды бақылау үшін электрондық бақылау құралы — электронды білезік қолданылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді