Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады. Күдікті-11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.