111 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағын патрульдеу кезінде “Қорғау” жүйесінің көмегімен Астана қаласынан бағыттама берілген Kia Rio автокөлігін анықтады. Көлік жүргізушісі Астанада, Таразда және Қазақстанның басқа өңірлерінде 111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, барлығы 2,5 миллион теңгеден астам сомада айыппұлы болған. Көбінесе жылдамдық режимін асырғаны үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер мен камераларға түскен. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. “Қорғау” мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты түрде қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында енгізілді. Онда ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, ондағы мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, бағыттамалар бойынша іздестірілетін көліктер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушыларды және тағы басқа бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадаға іріктеу жолында Қазақстан Исландиямен кездеседі
«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
16 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?: 15 желтоқсан 2024, 17:38 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды: 15 желтоқсан 2024, 17:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылып, құтқарушыларға пәтер кілттері табысталды
Астаналық полицейлер көшеде дірілдеп, дем ала алмай жатқан ер адамды құтқарды
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды