120 оқушы әкелерімен бірге аналарына арнап ән шырқады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық Білім басқармасы бейнеролик жариялады. Бұл Ақтөбедегі №8 мектеп оқушыларының 8 наурызға тартуы екен. Роликте 9, 10 сыныптың оқушылары мен олардың әкелері бар. Түсірілімге 120 әке, 120 бала қатысқан.