"125 гектар күріштік күйіп кетті". Сырбойылық шаруалар шығынға батуы мүмкін

Қызылордада су жетіспеушілігінен күріштік күйіп жатыр. Шаруалар шығынға бататына алаңдаулы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Олар облыстық кәсіпкерлер палатасының диалог алаңында мәселенің шешімін іздеді."Мамырда су сұрап едік, маусымда берілді. Шілденікін тамызға шегеріп отыр. Каналда су жоқ, егін кеуіп кетті. 125 гектар жердегі күрішті көктей далаға тастадық. Қалғанына да сондай қауіп төніп тұр", - деді Қармақшы ауданындағы "Тұрмағамбет" ЖШС директоры Нұржан Пірмантаев.Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықовтың айтуынша, облыстағы 550-дей ірілі-ұсақты шаруашылық Сыр салысын егумен айналысады. Онда маусымдық және тұрақты жұмысқа тартылғандар саны 9,5 мыңнан көп. Бұл дегеніміз - ауыл халқының 45-50 пайызы."Суды үнемдеу үшін басқа дақылдар егу туралы жиі айтылады. Алайда, күрішсіз өңірдің экологиялық ахуалы нашарлайды. Топырақ тұзданып, жарамсыз оазиске айналады. Топырақтың тұздылығын күріш егу арқылы азайтпаса, аса тұзды топырақта басқа дақылдардан өнім алу мүмкіндігі өте төмен", - деді ол.Су тапшылығының зардабын тартып отырған егін егетіндер ғана емес. Республикалық "Шопан ата" қауымдастығы филиалының жетекшісі Нұрлан Биманов мал жайылымының аясы тарылғанын айтып отыр."Бір ғана мысал, Сырдария ауданының Тоқмағамбетов ауылында осымен төртінші жыл шабындықта су жоқ", - деді ол.Ал жауапты мамандар "жағдай бақылауда" деумен шектелді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді