127 млн жұмсалған Түркістан облысындағы таза су ұңғымасы құрғап қалған

Түркістан облысында «тәтті су ішіп отыр» деп есеп берілген бес ауыл құдық суын қанағат қылуда,-деп хабарлайды  ktk.kz. Кеңес үкіметі тұсында суы жарамсыз делінген Бадам ауылына қарасты бірнеше елдімекенде 2012 жылы 127 миллион теңгеге ұңғыма қазылып, таза сумен қамтылды деп қағаз толтырылған. Бірақ ол ұңғымадан шыққан су бірнеше айдан кейін құрғап қалған.Ал жарты жыл бұрын жергілікті билік тағы бюджеттің миллиондарына су жүйелерін жүргізуді бастап, ауыл ішін айнала қазып тастаған. Жұрт енді ауыз суды аңсап жүргенде ой-шұңқырға мал мен адам құлап мертігіп жатыр дейді. Бадам ауылына қарасты Ордабасы, Ұзынбұлақ, Қылышбұлақ, Баянбұлақ пен Таңбалыбұлақ ауылдарының атауы бұлақ болғанымен, тұрғындары суға жарыған емес. Кеңес үкіметі тұсында мұндағы өзен суы зерттеліп, «ішуге болмайды» деген қорытынды шығарылған. Содан ауыл басынан 127 миллион теңгеге ұңғыма қазылып, су мәселесі шешілгендей болған. Бірақ жерасты суы бірнеше айдан кейін тартылып қалыпты. Қалдарбек Қынашаев:— 2012 жылы мұнара салынған. Сол кезде «тәтті су ішіп отыр» деп есеп берілген. Одан кейін сүзгі қойды, ол екі ай ғана істеді. Сол уақыттан бері өзіміздің құдықтан тұщы суымызды ішіп отырмыз. Ауыл-ауыл, төрт бұлағымыз бар. Төрт ауыл құдықтан ішіп отырмыз. Әр ауылда атам заманнан қазылған құдық бар. Тұщы суды «сіміріп отыр» деп есеп берілген тұрғындары жаяу немесе ат-есегімен осы құдыққа келеді. Дәмі кермек татитын сапасыз судың кесірінен балалар жиі ауырып, түрлі тері ауруына ұшырап отырмыз дейді жиналғандар. - Мал да ішеді бұны, адам да ішеді. Балалар ауырып жатыр. Әкім «су бердім» дейді. Суды көрдіңіздер, су жоқ. Шлангінің өзі жетпей қалған, 3-4 үйге. Кейде бұның ішіне мал түсіп кетеді. Аламыз да, тазалап, қайта іше береміз, амал жоқ. 12 жыл бұрын 127 миллионға жүргізілген ұңғыманы аз көрді ме, аудан билігі былтыр 94 миллион теңгеге тағы су жүйелерін жүргізбекші болыпты. Жазда келген жұмысшылар төрт ауылдың шетін қазып, кей жерлерге құбыр тастаған. Бірақ сол күйі жұмыс аяқталмады. Енді су аңсап жүрген тұрғындар айнала қазылған орға жығылып жатыр екен. Ережеп Сәрсенбайұлы: — Ішіне түсіп жатқан жылқыларды көрдім. Түрегеп тұр, бірақ шыға алмайды. Не былай бара алмайды, бір айғыр түсіп кеткенғ қуалап жүріп, ол кептеліп тұр сол жерде. Міне, қолмен қазып жүріп шығарып алдық. Ұсақ мал шыға алмайды. Төрт жасар ауылдасымның баласы ойнап жүріп ішіне түсіп кетті, шыға алмай, шырылдаған дауысын естіген басқа балалар жүгіріп келіп шығарып алды. Ал аудан билігі 127 миллиондық су мұнарасы, біріншіден, барлық ауылға су бере алмайды дейді. Екіншіден, сүзгісі істен шығыпты. Сондықтан қымбат болса да, тағы 94 миллион теңге бөлінген. Қыдырбай Сейітқұл, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: — Бұл жерде кемшілік мердігер есебінен. Бірақ ол жерде судың қысымын тексеріп көреді, трасса жарылса, қайта қазуға тура келеді. Суды қазір жеткізіп береді. Су кеткен жерін қайта қалпына келтіреді. Үш күннің ішінде қайта көмеді. Жарты жыл бойы қазулы жатқан ор тұрғындар шулаған соң дереу көміле бастады. Бірақ есеп жүзінде тұщы суға қарық болып жатқан жұрт тәтті суға тек биыл жыл ортасында ғана қолы жетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды