Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі. Абай облысында - 7 учаске (825 км);Ақтөбе облысында – 2 учаске (405 км);Алматы облысында - 1 учаске (84 км);Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км);Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км);Қостанай облысында - 1 учаске (83 км);Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);Павлодар облысында - 2 учаске (423 км);Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км);Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км);Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 332 бірлік техника және 412 жолшы жұмылдырылған.