13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған

Атырауда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған.  Атырау қаласының №2 сотында облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3,4-тармақтарымен (Ірі мөлшерде бірнеше рет пара алу) қозғалған қылмыстық іс қаралды. «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы С. ірі габаритті немесе ауыр салмақты көлік құралдарының Атырау облысы аумағынан кедергісіз қозғалуына ықпал жасағаны үшін 2020-2022 жылдар аралығында 13 ЖШС-дан бірнеше рет ірі мөлшерде пара алып келген. Жалпы сомасы 23 817 000 теңгені жұбайының, анасының, енесінің, әріптесінің жұбайының атындағы «Kaspi Gold» қосымшасындағы шоттар арқылы алған. Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, жедел-тергеу әрекетінің нәтижелерімен, бейнежазбалармен, арнайы тексеру құжаттарымен, сот фонографиялық, сот психологиялық-филологиялық сараптамалар және аудиторлық қорытындылармен дәлелін тапты», - деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметінен. Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынған. Алайда, сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, өзін ақтауды сұраған. Сот үкімімен ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, 8 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті