15 жыл бала күткен оралдық әйел ауыр дертке душар болды

15 жыл бала күткен оралдық келіншек ауыр дертке душар болды. Ал анасы бұған дәрігерлерді кінәлайды. "Қызыма тиісті ем-дом уақытылы жасалмады" дейді. Осының кесірінен 32 жастағы Әйгерімнің ауруы асқынып, арты қатерлі ісік ауруына ұласқан. Қазір қауіпті кесел өкпесін зақымдап жатқан көрінеді. Сақыпжамал Дүйсәлиева дені сау қызымды дәрігерлер дертті қылды дейді. Айтуынша, сәби сүюді 15 жыл зарыға күткен қызы ақыры ЭКО жасатады. Бірақ жағдайы нашарлағанда көмек сұрап барған дәрігері жатырын кесіп алып тастапты. Сақыпжамал ДҮЙСӘЛИЕВА, НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: Олар гормональный дәрілерді беріп-беріп, басында ода уже опухоль болған. Олар соны қанша... бір түсті, екі түсті. Бес рет түскен екен. Бес рет түскеннің ішінде олар ең болмағанда бір обследованиеден өткізбей тұр ғой. Сол кезде обследованиеден өткізгенде сол кезде оны құрттай болса да біліп, химия алып, сақтап қалуға болатын еді. Мінеки осы доғдырлардың кеткен қателігі деген осы. Ал Науқасты ажалдан құтқардым деген дәрігер Әйгерімнің анасына өкпелі. Өйткені келіншектің өзі ауыр дертке шалдыққанын білсе де, уақытылы тексерілмеген, емделмеген. Енді қолын мезгілінен кеш сермеп, бізді айыптап отыр дейді. Алик ИСТАЕВ, "МЕДОРТАЛЫҚ" ЖШС ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Науқастан "хорионэпителиома" деген кесел анықталды. Обырдың бұл түрі жүкті әйелде кездеседі. Егер ол бала көтермесе, мүлдем ауырмас еді. Жиі-жиі қан кетті. Бізге алтыншы рет келгенінде жатырын алып тастамаса, жағдайы қиындайтынын ескерттім. Операция кезінде жатырдағы обыр асқынғанын анықтап, облыстың бас онкологын алдырттым. Ақыры ауру мүшені алып тастадық. Әйтпесе өліп қалуы мүмкін еді. Бірақ Әйгерімнің жағдайы операциядан кейін де оңалмаған. Кесел өкпеге шауып кеткен. Кеңес берген шетелдік мамандар да жағдай қиын екенін ескертіпті. Бұған ашынған анасы кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр. Ал фармбақылау департаменті бұл даулы істі тексеру қорытындысы 15-желтоқсанда шығатынын жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан