15 жыл құжатсыз жүрген келіншек Қазақстан азаматтығын алды

15 жыл бойы құжатсыз жүрген Венера Құрбаназарова Қазақстан азаматтығын алды. Жылдар бойы талай органның табалдырығын тоздырған келіншек әбден қажығанын айтады. Бірақ шалғайдағы ауылға келіп, мобильді қабылдау жүргізген "AMANAT" партиясының өкілдері оның үмітін оятып, қол ұшын созды. Осылайша атамекенін аңсап келіп, қатарымызға қосылған қандастарымыздың қатары тағы бір азаматпен толықты. Венера Құрбаназарова 2009 жылы Өзбекстаннан көшіп келіпті. Кейін тұрмыс құрып, Батыс Қазақстан облысына қоныс аударады. Қазір күйеуімен бірге үш бала өсіріп отыр. Бірақ келіншек сол кезден бері құжатсыз жүр. Отанына оралған қандасымызға жеке басын куәландыратын құжат әперуге әкімдердің де әлі келмепті. Венера ҚҰРБАНАЗАРОВА, ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үш емес, төрт балалы болдық даже. Бармаған жеріміз жоқ, бардық. Тек қана бізге уақытша документ берді. Ол уақытша документпен көп ешқайда жұмыс та істей алмаймын. Пособие бәрінен қалдық, ешқандай ештеме еткен жоқпыз. Сосын амалсыздан осы "AMANAT" партиясына келіп Тасқала ауданының. сол кісілердің арқасында 2024-те документті болып, бәріне қазір ілігіп жатқан жағдайымыз бар. "Халыққа көмек" партиялық жобасымен облыстың түкпір-түкпірін шарлаған партиялықтар қоғамдық қабылдауды тұрақты жүргізеді. Осы кездесу арқылы көп жұмыс атқарылды. Кеңес пен көмекке мұқтаж жандарды күттірмей, оларға өзіміз барамыз, олардың шағымын мемлекеттік органдарға жеткізіп, мәселесі оңымен шешілуіне күш салдық, дейді партиялықтар. Люция ЖҰБАНЫШҚАЛИЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Венераның сөзі жетті жүрегімізге. Мүмкіндік болса, қолымыздан келгенше көмектесу керек деген ойға келдік. Көлігін, баратын пәтеріне, жаңағы құжаттарына барлығына қолымыздан келгенше ақшалай, қаржылай көмегімізде беріп, соны аннан звондап, бәрін тапсырып, құжаты келгенше біз де сол кісімен бірге асыға күттік. Венера бүгінде жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Енді өз мамандығы бойынша қызметке тұрып немесе ұнаған жұмысына орналаса алады. Құжаты түгелденіп, көңілін демдеген келіншек, енді жәрдемақы алу үшін балаларының құжаттарын рәсімдеуге кіріскен. Былтыр "AMANAT" партиясының облыстағы қоғамдық қабылдауына түскен 2 мыңнан астам өтініштің тең жарымы оңымен шешілген. Олардың дені - әлеуметтік мәселелер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 15 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Грузияда мейрамханадан 12 адамның денесі табылды
Қарсыласын жеңген Қуат Хамитов 10 млн теңге сыйақыға ие болды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты