Елімізде ағза трансплантациясын күткен науқастардың 70 проценті кезегі жетпей өмірден өтеді. Себебі, донор тапшы. Жыл сайын күту парағында тұрған 4 мың адамның бар болғаны 100-ге жуығына операция жасалады. Сонда қалған жан қайтпек? Мәселені шешудің жолы бар ма? Әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады. Елдегі ең үлкен проблемалардың бірі ол - донор тапшылығы. Трансплантацияға жетпей жыл сайын 300-ден аса пациент көз жұмады. Себебі, қоғамда мәйіттік донор туралы түсінік әлі қалыптаспаған. Бір ғана бүйрекке зәру 3 мыңнан астам науқас бар. Оның барлығы уақытша ем алып жүр. Ал күту пара¬ғына енгізілмегендерді қоссаңыз, он¬да бүйрек ауыстыруға мұқтаждар саны 8 мыңға жуық¬тайды. Бекболат ШЕРНИЯЗОВ, РЕЦИПИЕНТ: 2020-ның ақпан айында осы екі бүйрегімнің істемейтінін соны естідім. Мені күту парағына тіркеді. 2020-дан 2023-ке дейін ешқандай қоңыраулар болған жоқ. Шақырған емес. Ол өте қиын нәрсе мәйіттік донорлық деген. Өйткені гемодиализде 15 жыл жүрген балалар бар. Солардан сұраған кезде әлі звондаған жоқ дейді ешкім. Бекболаттың дертіне жары дауа болды. Дәрігерлер анализдер мен түрлі тексерулерден кейін ерлі-зайыптылардың ағзасы барлық критерийлер бойынша бір-біріне сәйкес келетіндігін анықтаған. Сабира МҰСТАФИНА, ДОНОР: Шешімді отбасымызбен бірге қабылдадық. Жағдайым жақсы. Бастысы жолдасымның жағдайы жақсарса. Жанына батқан аурудан құтылса деймін. Балаларға әке керек. Бөгденің бүйрегін ағза қабыл¬дамай қоюы да мүмкін. Сол үшін науқасқа алдымен иммуно¬суп¬ре¬сивті дәрі-дәрмектер беріледі. Бөтен органды танып қоймас үшін, адамның иммундық жүйесін дәрі-дәрмекпен әлсіретеді. Ал операциядан кейін олар толық дені сау адам болып оянады. Арман МАРАЛБАЙ, ХИРУРГ-ТРАНСПЛАНТОЛОГ: Бізде экстренный операция емес, бұл плановый болғандықтан, донор мен реципиент дейміз ауырып жатқан адам мен беретін адамның екеуін дайындаймыз біз алдын ала. Пациенттерді дайындаймыз, олардан анализ аламыз, қараймыз, тексереміз, зерттейміз. Егер екі жақтан да операцияға кедергі болмаса онда біз операцияға аламыз. Көп елде ағзаны алып-сатуға жол бермеу үшін туыстық және мәйіттік операцияларға ғана рұқсат етілген. Оның өзінде арнайы комиссия тексеріп барып, шешім шығарады. Бізде де солай. Алайда, мәйіттік трансплантацияға менталитет жол бермей келеді. Соның салдарынан 10 жылдан бері қажетті ағзаға қол жеткізе алмай жүргендер бар. Биылдың өзінде күту парағында тұрған 111 адам донор жетіспеушілігінен қайтыс болған. Мэлс АСЫҚБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АҒЗА ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Туысқандарынан рұқсат сұрап алынады. Бұрында да сұрап алдық, қазір де сұрап аламыз. Рұқсат бермесе, ешқандай орган алынбайды. Яғни, ол қағида ел арасында қазір келісім призумциясы болса, біреудің бір жерін соғып кетіп, басынан ұрып кетіп органын алып қояды екен. Немесе, дәрігерлер емдеу жүйесін дұрыс жүргізбейді, әдейі органын алып қою үшін деп. Оның барлығы жалған ақпарат. Күту парағында кезекте тұрған 4 мыңға жуық науқастың 110-ы бала. Ел медицинасының әлеуеті бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі, көздің мөлдір қабаты, сүйек кемігінің трансплантациясын жасауға қауқарлы.