15 миллион теңгеге сатылған қошқар жұртты таңғалдырды

Журналист, асыл тұқымды қошқарларды өсірумен айналысатын Берік Сұлтан "Максиус" атты қошқарын 15 миллион теңгеге сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ол Желідегі парақшасында жастарды мал шаруашылығымен айналысуға шақырып, сатылған қошқардың ерекшелігі неде екенін айтқан."Ағайындар, Қазақстанда қой шаруашылығы бойынша тарихи күн бүгін. Максимус ең қымбат бағалардың біріне сатылып жатыр. 15 миллион теңгеге қызыләскерлік Аманжол бауырымызға сатылды. Алла берекесін берсін. Көбейсін, қозысын алыңдар, береке табыңдар. Мотивация болсын жастарға, бір көрсетіп қояйық. Өйткені "қошқар, шынында да, осыншаға сатылды ма? Мүмкін емес" дейтін адамдар да бар ғой, жоқ емес. Жастар қошқармен айналысыңыздар, қой бағыңыздар. Максимус көрменің екі дүркін чемпионы болған. Түбі Қуаныш Мықтыбаев ағамыздың шаруа қожалығынан шыққан, өзіміздің қазақстандық өнім, Қазақстанда туған қошқар. Өте атақты қошқарлардың бірі, елдің бәрі Максимусты таниды", - дейді видеода Берік Сұлтан.Желі қолданушылары бірауыздан саттықтың берекесін беруін тілеген."Бәрекелді, берекесін берсін! Айт құтты болсын!", "Максимусты қимай қалдым өзімдікі сияқты", "Мықты, берекесін берсін!" - деп жазған әлеуметтік желідегілер.Берік Сұлтан бұл салаға қалай келгенін әңгімелеп берді. Оның айтуынша, алғашында балаларына ермек болсын деп бастаған."Қой шаруашылығымен айналысып жүргеніме үш жылдан асты. Қалалық жерде тұрамыз, өзіміз сияқты бала-шағамыз малдың арасында өсіп жатқан жоқ. Балаларымыз қалалық болып, малдан жиіркенетін бала болып кетпесін деген ниетпен үйге кішкентай екі-үш қозы алып келгенмін. Бұл шаруаны баланың айналысатын ісі болсын, түбі ауыл екенін білсін деген ниетпен бастағанбыз. Бертін келе өзіміз қызығып, хоббиге ұласты. Қарапайым емес, ет және май бағытындағы асыл тұқымды қошқарларға қызығып, соларды алдым. Қой сатып алып, қошқарлар қойып, төлін алып, осы саламен айналысып жүрмін. Толық кәсіпке айналдырған жоқпын, хобби. Негізгі мақсат - балалардың жауапкершілігін шыңдау. Қойға қараған, уақытылы жем-шөбін берген баланың бойындағы жауапкершілігі шыңдалады", - дейді ол.Берік Сұлтанның сөзінше, бұған дейін сатылған қошқарлардың ішінде ең қымбаты Максимус болып отыр."Максимус сатылған қошқарлардың ішіндегі ең қымбаты. Оған дейін де Қырғызстанға 4500 долларға екі қошқар, 4000 долларға бір қошқар сатқанмын. Максимустың 3 айлық қозысын бір миллионға саттым", - дейді ол.Себебі оның өзіне тән бірнеше ерекшелігі бар. Берік Сұлтан Максимустың 4 қозысы қалғанын, бір қозысы әлеуметтік желіде 5 миллион жинағанын айтты. "Бұл қошқар Қазақстанда өткен көрмеде ет және май бағытындағы қошқарлардың ішінде бой жағынан екі дүркін чемпионы болды. Бойы өте биік. Қошқар төл беруімен бағаланады. Максимустың ерекшелігі сол - төлдерін де өзіне ұқсатып береді. Құлағының ұзындығы - 20 сантиметр. Бойы көрмеде 106 сантиметр көрсетті. Қазір 3 жаста, әлі үлкейеді", - деп түсіндірді Берік Сұлтан.Бұған дейін Максимусты 10, 13 миллион теңгеге сұрағандар да болыпты."Негізгі сатпаймын деп отырғанмын. Түнгі сағат 1-ге дейін хабарласып, қоймай сатып алып кетті. Тағы төлін аламын деп ойлағанмын. 15 миллионға сатамын деп бұған дейін бір айтқаным бар еді. 10 миллионға, 13 миллионға сұрағандар болды, сатпай қойғанмын. Осы жігіт айтқан бағама алып кетті", - дейді Берік.Мал шаруашылығымен айналысудың тәрбиелік мәні де бар. Бұл жігіттер қауымына хобби де бола алады.Жігіттің айналысатын бір хоббиі болуы керек. Жігіттің хоббиі болмаса, бірігіп жиналып кальянға барады, клубқа кетіп қалады. Уақытын жаман нәрселермен өткізеді. Хоббиің жылқы, қошқар бағу болса, бос уақытыңды соған жұмсайсың, сергисің, рахаттанасың, - деп түйіндеді әңгімесін ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты