Әнші Ернар Айдар Таразда анасының 60 жас мерейтойын тойлады. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Тойға әншінің өнердегі әріптестері қатысты."Асқар тау Әкешім ниеттеніп біз қоштап, 1-қаңтар Анашымның туған күнін 60-жас мерей тойын атап өттік" деп жазды ол.Әнші анасына "Тойота" көлігін "060" нөмірімен бірге тойханада 1500 дана қызыл раушан гүлін сыйлады.Өнер иесі анасына сиясы кеппеген жаңа әнін де шырқады.