154 түркістандық үйлерінен эвакуацияланды: Өңірге министр ұшып шықпақ

Түркістан облысында су басқан аудандардан 154 адам эвакуацияланды. Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Мәлім етілгендей, Түркістан облысында министрліктің республикалық жедел штабы ұйымдастырылды. 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығару және ағызу жұмыстарына жұмылдырылды. Өңірге министр Юрий Ильин ұшып шықпақ. «Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен су басқан аула аумақтарынан 154 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне кетті. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды. Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде құм салынған қаптар төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Майдантал ауылында каналдарды өткізу арқылы суды бұру және ағызу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аула учаскелерін су басу қаупі сейілді. Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесін су басып қалды. Ордабасы ауданындағы «Найман» және «Құртай» суару каналдарында су деңгейінің көтерілуі тіркелді. Қазіргі уақытта суды Арыс өзеніне ағызу жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтады, бірақ су ағыны жалғасуда», - делінген ТЖМ хабарламасында. Тау беткейлерінен судың ағуы 3 ауданда тіркелді: Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік, Мыңбұлақ, Қосбұлақ), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Ораңғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы (Шұбарсу, Бадам, Шұбар). Қазір тасқын суы 17 елді мекенде көшелер мен үйлердің аулалары арқылы ағып жатыр. Алдын ала болжам бойынша су басқан жерлер: 1 жеке тұрғын үй, 15 көше, 201 аула аумағы (Бәйдібек - Ақбұлақ ауылы - 1 жеке тұрғын үй (су деңгейі 15 см), 7 көше және 77 аула аумағы, Ордабасы - 2 көше және 3 аула аумағы, Сауран - 6 көше және 121 аула аумағы) және Ордабасы ауданындағы мектеп аумағы (Исламқұлов атындағы мектеп). Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Сондай-ақ осы ауданда 7 балабақша жұмысын тоқтатты. Тасқын суы ағыны әлі келіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті