"16 жылдан бері жылда қайталанады". Ақмола облысында тұтас ауыл бір айдан бері су ортасында қалып қойған

Ақмола облысында су тасқыны салдарынан Арбузинка селосы бір айға жуық уақыт адам аяғы баспайтын аралға айналған. Бұл - жылда көктемде қайталанатын жағдай. Тұрғындар жергілікті билік өкілдеріне жылдар бойы жанайқайын жеткізген, бірақ ешқандай нәтижесі болмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.35 үй түтін түтететін ауылда бүгінде 187 адам тұрады. Ауылдың айналасын тұтастай су қоршаған, сондықтан ешқайда шығу мүмкін болмай қалған. Мектеп жасындағы көрші ауылға қатынап оқитын 30 оқушы 3 сәуірден бері сабаққа бармаған. Тұрғындардың айтуынша, 2007 жылдан бері ауылдың айналасын жылда су шайып кетеді. Жайылып жатқан су көлемі 150 метрден асады. 16 жыл бұрын Кеңес заманында салынған ескі көпірді мұз тас-талқан етіп бұзып кеткен. Тіпті ауыл тұрғындары арасынан 2019 жылы қайтыс болған адамды бейітке қайықпен жеткізуге мәжбүр болғандар да бар екен. Тұрғындар оқыс жағдай бола қалса, жедел жәрдем де келе алмайтынын айтады."Әр көктем сайын жанымызды шүберекке түйіп өмір сүреміз. Міне, бір айдан бері кәдімгідей аралда өмір сүріп жатырмыз. Жан-жағымызды түгелдей су қоршаған. 16 жылдан бері жылда қайталанатын жағдай. Су шаятынын білетіндіктен ауыл тұрғындары азық-түліктерін алдын-ала көп мөлшерде әзірлеп қояды. Бірақ ауру-сырқау бола қалған жағдайда ешқандай амал жоқ. Жедел жәрдем бізге келе алмайды. Зейнеткерлер, бала-шаға құлап, қол-аяғын сындырса немесе оқыс ауыра қалса, ешқандай қарекет жасай алмаймыз. Қайық болғанымен арыны қатты судан өту аса қауіпті. Билік жылда уәде бергенімен ешбір нәтиже жоқ. Адамның өмірі ойыншық болып тұр", - дейді Арбузинка ауылының тұрғыны Абдул Ербаев.Тұрғындар көпір салу туралы билікке жылда айтып, хат-хабар жазғанымен үлкен көпір салудың ауылы әлі алыста сияқты. Өйткені оған қомақты бюджет қаражаты керек екен. Ал аудан әкімі оған жергілікті бюджет қаражаты көтермейтінін, үлкен көпір салу мүмкіндігі жоқ екенін ашық айтқан.Әкімнің сөзінше, әзірге биыл жергілікті шаруа қожалықтарының қаржылай көмегімен қолда бар көпірді биіктетіп, ұзартудан басқа амал жоқ."Бұл ауыл - сонау 1923 жылы құрылған ескі ауылдардың бірі. Арбузка селосының екі жағынан баратын жол бар. Бірақ жылда арыны қатты өзен суды шайып кетеді. Қар көлемі әлі қалың. Дегенмен барлық азық-түлік қоры мен дәрі-дәрмек жеткізілген. Үлкен көпір салуға қаражат кемінде 1,5 миллиард теңге соманы қажет етеді. Тек жобалық-сметалық құжаттамасының өзіне кемінде 100 миллион теңге қажет болады. Оны жергілікті бюджеттің қалтасы көтермейді. Биыл жергілікті шаруа қожалықтарымен сөйлесіп, қолда бар шағын көпірді бір метрге биіктетіп, ұзартуға көмек сұрадық. Шаруа қожалықтары келісімдерін беріп отыр. Биыл осы жұмысты бастап кететін ойымыз бар. Ал үлкен көпір салу үшін республикалық бюджетке биыл тым құрығанда жобалық-сметалық құжаттамаға қаржы бөлуін сұраймыз", - дейді Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүнісбеков.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Колледждер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді
Елімізде қай облыстарда жол жабылды
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды