16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Қазақ мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі - ұлттың "мәдени коды"Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Бұл күні ел аумағында қазақстандық авторлар, суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады. Телеарналар эфирінде "Наурызнама" республикалық айтысы көрсетіледі. Қазақ мәдениетінің түп негізі гуманистік идеялардан туындайтын болғандықтан, ол қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында біріктіруші күш бола алады. Оның ішінде, өзгені түсінуге ұмтылу, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген қарым-қатынас қағидалары халықты біртұтас ұлтқа айналдыруда аса маңызды. Сондықтан 16 наурыз тақырыбы азаматтарға ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді. Ұлтты ұлт ететін айрықша белгілердің бірі – мәдениеті пен өнері, олардың маңызы жаһандану жағдайында одан сайын арта түспек. Мәдениет қоғамдық сананы және азаматтардың мінез-құлқын анықтайтын моральдық-этикалық нормаларды қалыптастыру процесіне әсер етеді. Өнер қоғамдағы құндылық символизмін айшықтайды. Сондықтан Наурыздың жаңа идеологемасын қалыптастыру отандық мәдени-шығармашылық кодпен тығыз байланысты.Бүгінгі қоғамдағы сұраныстардың бірі – өткен заманды аңсау тағдыры талайлы болған кез келген ұлт үшін қалыпты жағдай. Бұған, әрине, қазақ ұлтының түп негізіне бойлаған және жастардың ықыласына бөленген заманауи кинематографиялық, әдеби, бейнелеу өнерінің туындылары мен музыкалық шығармалар да ықпал етеді.Қоғамның мәдени-тарихи мұраларға деген ықыласы заман келбетіне тікелей әсер етеді. Мысалы, салауатты тамақтануға көшуге қатысты трендтер тек табиғи ингредиенттер қолданылатын дәстүрлі қазақ тағамдарына деген ықыласты арттырды. Сондай-ақ салауатты өмір салты (ұлттық спорт түрлеріне оралу), әдебиет (классиктерді оқу), музыка (халық шығармаларының қайта жандануы) салаларында ұлттық өзекке оралу үрдісі байқалады.Сонымен қатар, тарихи мұраны қайта құру мен жандандырудың негізгі тетігі модернизацияда жатыр. Мәселен, қазақтың дәстүрлі киім үлгісі қазіргі кезде жаңаша түрлене бастады. Қазір қазақстандық дизайнерлер дәстүрлі ою-өрнектерді, нақыштарды және басқа да атрибуттарды заманауи стильмен үйлестіре отырып пайдаланады. Наурыздың қайта жаңарған мәні де осында: дәстүрлер жаңа заманға бейімделіп, тың мазмұн-пішінге ие бола бастады. ХХІ ғасырда қазақстандық дамудың бағытын осылайша дәуірлер тәжірибесіне негізделген жаңа мазмұндағы мәдениет айқындайтын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
«Қызылордаға күйеу бала болғың келіп жүр ме?». Нұрбек Оралбай «Қазақ аруымен» көзге түсті (ВИДЕО)
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды