17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева 4 жылға спорттан шеттетілді

Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сот (CAS) 17 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны төрт жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.Спортшыны жарыстан шеттету мерзімі 2021 жылғы 25 желтоқсанынан бастап есептеледі. Сол күні мәнерлеп сырғанаудан Ресей чемпионаты кезінде ол допинг сынамасын тапсырып, кейін оның құрамында тыйым салынған триметазидин заты бар екені анықталды. Валиеваның барлық атағы мен жетістігі көрсетілген күннен бастап жойылды. Осылайша ол Ресей мен Еуропа чемпионы болуды ресми түрде тоқтатады. Сот өз шешімін шығарған кезде ресейлік допингке қарсы ережелерді басшылыққа алғанын айтты. Валиева да допинг сынамасында тыйым салынған заттың барын жоққа шығармады. Камила Валиеваның өзі және оның жаттықтырушысы Этери Тутберидзе CAS шешіміне әзірге түсініктеме берген жоқ. «Р-Спорт» басылымы дереккөзге сілтеме жасап, конькиші бұл туралы бұрыннан білетінін хабарлады: оған үкімді жаттығу кезінде айтқан. Сонымен қатар, журналистер бұл шешім қабылданғаннан кейін Валиеваның Instagram желісінде мұңды музыканың сүйемелдеуімен сөйлеген сөзінен үзінді жариялағанын байқады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда полиция қызметкері пышақ жарақатынан қайтыс болды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Сербия құрамасының ойыншысы ҚПЛ клубына 81 миллионға ауысты
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Жетісу облысында жоғалған адам табылды
Жаңа жылдық рейд барысында заңсыз ағаш кескендер анықталды
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
10 жастағы қазақстандық оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Жаңа жылдағы шырша саудасы: 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынған
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды
Кәрім Талғатұлы оқушылар арасындағы дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді