"17 жыл бойы зейнетақы қорына қаржы толық түспеді". Маңғыстаулық мұғалімдер осылай деп шағымданды. Сенек ауылының ұстаздары жалақыдан ұсталған қаржы қайда кетіп жатқанын білмей отыр. Зейнетақы қорларын тексерген. Түсім тұрақты емес. Жергілікті билікке уәждерін жеткізген. Бірақ қайыр болмай тұр, - дейді.Нұржаубай ЕСОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 98-99 жылдары вообще жоқ. 2000 жылы менің өзімде 12 айдың 1 айын құйған. Әрбір жылдың өзінде 2 айы жоқ, 3 айы жоқ. Тіпті толық жылдары құйылмаған. Пенсияға шығып жатқан адамдар бар. Пенсионный фонд дұрыс құйылмағаннан кейін стаждарымыз кемиді. Ертең пенсионный айлықтарымызда кемитін болады. Мұғалімдер мәселесін "АМАНАТ" партиясы жеткізді. Штаб мүшелері ақ-қарасын ажыратып, педагогтарға көмек көрсетеді. Алпамыс ӘБЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ: "AMANAT" партиясы қабылдау бөлмесі өз тарапынан азаматтан өтініш қабылдап, өтініш негізінде құзырлы мемлекеттік органдарға ресми хатпен жүгінеміз.