Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдай туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Журналистің айтуынша, қыздар қазір психологтың ем курсынан өтіп жатыр."4 айдан бері қыздармен жұмыс істеп, психологиялық тұрғыда қолдау көрсеткен Санжар мырзаға рақмет! 17 жылдық құлдықты аз ғана уақыт ішінде ұмыттыру оңай емес. Бастысы аз-аздан, үздіксіз емді жалғастыру", - деп жазды журналист. Желі қолданушылары да қыздарды емдеп жатқан дәрігерге алғыс айтты."Дәрігерге Алланың разылығы мол болғай", "Құдай жандарым күлді ғой. Руслан мырза рақмет. Осы докторды жібермей қараймын. Парақшасына жазылып", "Дұрыс болған екен, Алла риза болсын", "Бұл жалғандағы қалған өмірлерін бақытты баянды өткізуіне шын жүректен тілектеспін", - дейді олар.