Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады. Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген.Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де белгілі болып отыр."13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді", - деді облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Әділжан Сыздықов.