17 мың халық жарықсыз, ондаған нысан шатырсыз қалды

Ақмола облысында 18 қарашадағы қатты дауылдан кейін облыс бойынша келтірілген шығын көлемі анықталды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өңірдің бірнеше аймағында ғимараттардың шатыры ұшып, 77 елдімекенде тұратын 17 мыңға жуық халық жарықсыз қалды.Ведомство мәліметінше, секундына 20 метр жылдамдықпен соққан қатты дауыл салдарынан облыс аумағындағы 25 көлік жолы жабылған. Олардың 13-і республикалық маңызға ие. Боран кезінде жолға шығып кеткен 149 көлік кептелісте қалған. Боран кезінде облыс аумағындағы электр энергиясы желілеріне көп зақым келгені анықталды."Облыстың сегіз ауданында және Қосшы қаласында электр жарығы ажыратылған. Жалпы саны 77 елдімекенде тұратын 16900 адам жарықсыз қалды. Қазір электрмен жабдықтау жұмыстары толығымен қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Көкшетау және Қосшы қалаларында және 5 ауданда ғимараттар мен үйлердің шатырлары ұшқан. Аршалы ауданының Бірсуат ауылында су айдау мұнарасы құлап, халық тәулікке жуық уақыт сусыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Абырой болғанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.Қосшы қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің, Көкшетау қаласында "Орталық әмбебап дүкеннің", "Ұрпақ" ЖШС-нің, Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мәдениет үйінің, Аршалы кентінде 5 қабатты тұрғын үйдің, Целиноград ауданы Ынтымақ ауылындағы мектеп спорт залының, Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында аудан әкімдігі ғимаратының, Ерейментау ауданында Б.Жахин атындағы орта мектептің, Қорғалжын ауданында ветеринариялық станция ғимаратының, Аршалы кентінде балабақша мен мектеп ғимаратының, Шортанды ауданының Ключи селосында мектеп ғимаратының шатыры ұшқан. Жалпы 2 көпқабатты үй, 4 мектеп, 1 балабақша, 1 сауда үйі, 2 әкімшілік ғимарат пен 1 мәдениет үйіне зақым келген болып шықты. Қазір құзырлы органдар бұл нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды