17 мыңнан астам шенеунік қысқартылады

    Өзбекстанда әкімшілік реформа аясында 17 мыңнан астам шенеунік қысқартылады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Республиканың атқарушы билік органдарының қызметін тиімді жолға қою жөніндегі бастапқы ұйымдастыру шаралары туралы» тиісті Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.Құжатқа сәйкес, министрліктер мен ведомстволарда бюджеттік және бюджеттік емес қаражат есебінен қаржыландырылатын басшы және өндірістік персоналдан барлығы 17 447 адам қысқартылады. Бұл - мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 24 проценті. Соның ішінде министрліктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарларының саны 207-ден 144-ке немесе 30%-ға қысқартылды. Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы саны 56 573 штатпен шектелген. Қаулыда министрліктер мен ведомстволардың бюджеттік емес қаражат есебінен басшы персоналдың қосымша штат енгізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. Мемлекеттік аппаратты реформалау нәтижесінде 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босатылды. Алдын ала болжам бойынша, қызметкерлерді қысқарту 1,5 триллион сумды (132 миллион доллар) үнемдейді. Қызметтік көліктер санын азайту бюджетті тағы 70 миллиард сум (6 миллион доллар) үнемдейді. Айта кетейік, Өзбекстан басшысы парламентке жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік басқару саласында ауқымды реформа жүргізілетінін, оның ішінде министрліктер мен ведомстволар санын қазіргі 61-ден 28-ге дейін қысқартатын жаңа реформа жариялаған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды