17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 шілдеде Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлады Zakon.kz.Қарағанды облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 24-26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте 24 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 24-26 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Абай облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 24-26 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада 24 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүтік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-39 градус сақталады. 24-26 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 24 шілдеде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 24 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 24-26 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда отандық тауарлардың тізілімі жасалады
Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі конференцияға төрағалық етуде
Жұманғарин қалалардың келбеті нашарлап бара жатқанын айтты
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады