17 рет заң бұзған қала әкімінің орынбасары орын тағып сақтап қалды

Павлодарда қала әкімінің орынбасары Арслан Қалиақпаровтың басы дауға қалды. Ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарып тұрған кезде мемлекеттік сатып алу заңын 17 рет бұзған. Шенді бұл әрекетін бюджет қаражатын игеру үшін барғанын айтқан. Алайда, сот оның бұл ісін заңсыз деп таныды. Өйткені, шенеунік мемлекеттік сатып алулар кезінде конкурстық рәсімсіз тендер ойнатқан. Тендерде тек бір ғана мердігер жеңіске жетіпті. Сот оған 4,1 млн теңге айыппұл салды.Назымбек БЕКЖАНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің департамент 2022 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында қалалық ТҮКШ бөлімінің бір ғана мердігермен тікелей 17 келісім шарт жасағаны анықтады. Жалпы соммасы - 1,9 млрд теңге. Нәтижесінде аталған факті бойынша шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға хат жолданды. Арслан Қалиақпаров жақында қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Сол себепті оған тәртіптік жаза қолданылмайды. Ерлан САЛЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған тұлғаға қатысты қандай бір тәртіптік іс қозғауға негіз жоқ. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Екіншіден, ол басқа қызметке ауысып кетті. Сол себепті оны тәртіптік кеңеске сала алмаймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Белал Мухаммад Хабиб Нурмагомедовтің залында жаттығып жүр (ВИДЕО)
Колумбияда 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді
Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Жер храмында қытайлық әншімен өнер көрсетті
2025 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ақмола облысында бірнеше автомобиль жолы ашылды
Колумбияда 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді
Қазақ тілі үшін сынға қалған Черчесов қазақша тілек арнады
Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан
"Бір қабатты Шығыс": Алтай қаласында 16 отбасы қоныс тойын тойлады
Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты
Ұшақ апаты: Қазақстан мен Ресейдің мамандары қара жәшікті ашуға қатысады
«Ердің жасы»: әнші Сәкен Майғазиев елу жасқа толды
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында қанша табыс тапқаны белгілі болды
Астанада жаңа жыл түнінде 10 сәби дүниеге келді
Абай полициясы жаңа жыл қарсаңында болған ерекше оқиғалармен бөлісті
Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Үш облыста жол жабылды
Алматыда түнгі уақытта төбелескен студенттер жаңа жылды темір торда қарсы алды (ВИДЕО)
Ақтөбе облысы: Шалқарда 58 отбасы баспаналы болды
Алматыда Жаңа жыл түні студенттер жаппай төбелес шығарды
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?