18 жасқа дейінгі әр баланың арнайы шотына 100 доллардан қаржы түсті

Балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсті. 18 жасқа дейінгі 7 млнға жуық әр ел азаматына 100 АҚШ доллары аударылды. Бұл - Ұлттық қордың былтырғы инвестициялық табысының тең жартысы. Енді жылына бір рет әр бала үкіметтен осылай үлесін алып отырады. Кәмелетке толғанша балалардың бұл қаржысына ешкім иелік ете алмайды. Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Бүгін Қазақстанның Ұлттық қорынан ГРАФИКА: 6 млн 919 мың 313 баланың шотына қаражат аударылды. Бұл балаларға нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылған. Тізімде менің де 1,5 жасар қызым болуы тиіс. Балама ақша түсіп пе тексеріп көрейін. Ол үшін Kids.enpf.kz сайтына кіріп, баланың жеке сәйкестендіру номерін енгізесіз. Немесе ата-аналар enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталынан тексере алады. Міне, менің баламның да алғашқы үлесі түскен. Мұрат ШӘРІПОВ, БЖЗҚ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бұл алғашқы есептеу екенін түсіну маңызды. Жыл сайын есептелген сома Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен ұлғаяды. Есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялауды жалғастырады және балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі. Кәмелетке толғандар бұл қаражатты тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалана алады. Ал құжаттары уақытылы реттелмей, қаражаттан қағылғандар болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Өткізіп алған кезең үшін келер жылы толық төленеді, - дейді мамандар. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің сөзінше, Үкімет бұл қаражатты жыл сайын арттыруды мақсат етіп отыр. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Азаматтарымыз еліміздің ресурстарынан түскен пайдадан қандай да бір дивиденттерді алуы маңызды. Бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен осындай әлеуметтік әділдік орнату үшін жүзеге асырылды. Бүгін бұл сома сондай көп емес шығар. Бірақ алдағы уақытта Ұлттық қордың көлемін 100 млрд долларға дейін жеткізу тапсырмасы тұр. Яғни, қор дами береді. Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин балаларға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артады деп жазды телеграмм каналында. Ерлан КАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:  Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Кешеден бері жұрт балаларының шотын тексеріп, қуаныштан төбесі көкке жетіп жатыр. Енді бүлдіршіндеріміздің болашағына алаңдамаймыз дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Білім алуына, баспаналы болуына. Бүгінде әлеуметтік мәселелердің ең өзектісі осы болып тұр ғой. - Президент бастамасымен Ұлттық қор балаларға жобасы аясында әр баламыздың шотына 100 доллардан түсіп жатыр. Әрине бұл балаларымыздың 18-ге толғанда шамалы болса да инвестиция. Соған да шүкір. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Балаға болашақ инвестиция ғой - Қызым звондады, Шыңғырлауда тұрады. Үш баласы бар. 100 доллардан уже счетқа түсіп жатыр. Скриншот жіберіп жатыр маған қуанып, рақмет! - Болашағына пайдасы бар. Балалар шетелге барады әлде мұнда жақсы жерде оқиды. Ондайда көп ойланбай, сасқалақтамай жақсы білім алады. Балаларға түскен ақшадан табыс салығы алынбайды. Және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры оператор ретінде көрсеткен қызметі үшін комиссия ұстамайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер