Маңғыстау облысында көршісі зорламақ болған қыз ауруханадан шығады.Бұл туралы Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қаунов мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. «Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уақытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлік бақылауда болады»,- деді Б. Қаунов.