19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтірген

Жамбыл облысында 19 жастағы жігітті 19 жерінен пышақтап өлтірді. Жастардың жанжалына махабат сезімі себеп болған көрінеді. Төрт жігіт жабылған. Ауруханада көз жұмған Алмас Әміровтың туыстары кінәлілер бостандықта жүр деп қынжылып отыр. Тараптарды тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатсын. Қанды қылмыс жаңа жылға бір күн қалған түні болған. Мына сауда үйінің алды қанға боялған. Алмас Әміровті ауыл жастары әңгімеге шақырыпты. Ол Алматы қаласынан Меркіге махаббат хикаясының мәселесін шешуге келген көрінеді. Бірақ сөзге келместен төрт жігіт жабылып соққыға жыққан. Туыстары кәнілілер жазасын алуы керек дейді. Олар көп нәрседен күдіктеніп отыр. Дидар ӘМІРОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: Баяғы қызы болған ғой сол. Қызғаныш па деп ойлап отырмыз. Біз 99 баптың, 2-ші тармағы, 7-ші тармақшасына сәйкес іс жүргізуін сұраймыз. Себебі бұл жерде алдын ала дайындалып, групповой болғаны анық көрініп тұр. Бір адамды қамаған, қалғанын босатып жіберген. Лаура ӘМІР, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ: Кәдімгідей бір шұңқыр сияқты болып тұр, ол пышақтың ізіне келмейді, Біздің пайымдауымызша ол жерде бір пышақпен істеген жоқ деп тұрмыз және оны бір адам істеген жоқ деп тұрмыз. Ал полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген бір күдіктіні қамауға алған. Қалғандарын қолхатпен босатып жіберіпті. Оған тергеу барысында құқықтық баға беріледі деп түсіндірді. Алмас САЛАМАТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Орын алған жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Жиналған дәлелдемелер негізінде, пышақпен бірнеше рет ұрған 17 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Марқұмның туыстары енді екі аптадан кейінгі сараптама қорытындысын күтіп отыр. Ал қыршын кеткен Алмас отау құруға ниеттеніп, 27 қаңтарға беташар той болады деп жоспарлап қойыпты. Оған дейін қалыңдықты таныстырам деп анасына уәде беріп қойыпты. Өкінішке орай жастардың жоспары жүзеге аспады. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мегаполисте 13 мыңнан астам үй көмірмен жылиды
Волонтерлер қарттарға көмектесті
Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
«Ордабасыға» енді 5,3 млрд теңге қаржы бөлінбейді, 16 футболшы командадан кетеді - Шымкент әкімі
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Шымкент әкімі орташа жалақының мөлшерін айтты
Полиция Екібастұзда үйінен кетіп қалған жасөспірімді дрон арқылы тапты