Ақмола облысының тумасы Петропавл қаласында 19 жастағы қызды сауна мен қонақ үйлерде қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатып жіберген. ҚР Ішкі істер министрлігі сексуалды құлдыққа түскен қыздың Қостанай қаласының тұрғыны екенін мәлімдеді."Петропавлда адам саудасымен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Күдікті 19 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын алдап, кейін қаладағы сауна мен қонақ үйлерде қызмет көрсетуі үшін 250 мың теңгеге сатып жіберген", – делінген ІІМ хабарламасында. Тергеу нұсқасына сәйкес күдікті өз құрбанын әлеуметтік желі арқылы іздеген. Көп жағдайда толық емес және тұрмысы нашар отбасыдан шыққан кәмелетке толмағандарды алдаған. Таныса келе сеніміне кіріп, жұмыс табуға көмектесу үшін Петропавлға шақырған. "Қалаға келген соң қыздарға психологиялық қысым көрсетіп, қоқан-лоқы жасап, сексуалды құлдыққа түсірген", – деп қосты ведомство өкілдері. Қазір бұл дерек Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі "Адам саудасы" бойынша тіркелген. Ал жәбірленуші тиісті көмек алу үшін арнайы мекемеге орналастырылды.