19 наурыз күні сайлаушылар 5 түсті бюллетень арқылы дауыс береді

19 наурыз күні сайлаушылар 5 түсті бюллетень арқылы дауыс береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Мәжіліс депутаттарына дауыс беру үшін: көк түсті бюллетень – партиялық тізім бойынша, жасыл түсті бюллетень бір партиялық сайлау округтары бойынша. Тағы үш бюллетень күлгін, қызылсары және сұр – бұл мәслихат депутаттарының сайлауы үшін қолданылады. Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі де өзгертіледі.Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер әдеттегі А4 емес А 5 қағазын қолданатын болсақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі. Ал саяси партиялардың пікірсайысы 16 наурызда өтеді. Бүгіннен бастап ТМД байқаушылар миссиясы Астанада жұмысын бастайды. ТМД өкілінің айтуынша, миссия жұмысы барысында саяси партиялардың сайлауалды штабтарымен, депутаттыққа кандидаттармен бірнеше кездесу өткізіп, барлық деңгейдегі сайлау учаскесінің жұмысымен танысуы жоспарланған. Леонид АНФИМОВ, ТМД БАС ХАТШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: ТМД байқаушылары миссиясы сайлауға дайындық пен оны өткізу мониторингіне кірісті. Бұл біздің Қазақстандағы парламенттік және президенттік сайлаулардағы 17-ші, ал ТМД бойынша 120-шы миссиямыз екенін атап өткім келеді. Байқаушылардың негізгі тобы дауыс беруге 2-3 күн қалғанда, яғни 16-17 наурызда Астанаға келеді деп күтіледі. Жалпы біз тек Астанада ғана емес, сонымен бірге елдің өзге де өңірлерінде дауыс беру процесін байқайтын боламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
Елдос Сметов жоғары лауазымды қызметке бара ма?
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп