Елімізде 2 мыңға жуық дәрілік заттың құны қымбаттады. Бірақ, оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бағасы жоғары болса да, вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін препараттарға сұраныс жоғары. Себебі, жұрт коронавирустан кейін жұқпалы дерттерден қорқып қалған.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Бетперде, медициналық қолғап, антисептик. Осыдан 3 жыл бұрын Коронавирус пандемиясы басталған кезде миллиондаған адам күнделікті өмірін осы үш затсыз елестете алмады. Қазір оны күнделікті қолданбасақ та, пандемиядан сабақ болған сақтық шаралары санамызға сіңіп қалды. БЛИЦ: - Ол уже әдетке кіретін болды, себебі мына адамдар пандемия карантин, әрине қорқынышты. Балаларды, бәрімізді үйретті. - Пандемия кезінде енді көп нәрсеге үйретті негізі. - Қазір уже әдет болып қалды, далаға шыққан сайын танауларына капли капать етіп шығамыз. Қазір енді қалада қызылша ауруы өршіп тұр. Осыған байланысты мектептер мен балабақшаларда 30 мамырға дейін бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бұл да жұртшылықты алаңдатып отыр. Дәрігерлер тұмаудың да көп екенін айтады. Бірақ, ауыр жағдайдағы науқас жоқ дейді. Салтанат АЙБОСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Эпидемиологиялық жағдай ковид біткелі бері тұрақталды. Қазіргі жағдайда біз барлық инфекцияға дайын болуымыз керек. Вирус өзінің қауіптілігін төмендетті, қазіргі кездегі короновирустың ағымы жеңіл өтеді. Тұмау сияқты өтіп жатыр жеңіл түрде. . Вирустың түрі көбейген сайын дәрі-дәрмекке сұраныс артады. Бірақ, оның бағасы қымбат. Елімізде былтырмен салыстырғанда 1 913 дәрілік заттың құны өскен. Ал керісінше, 470 дәрі арзандапты. 4332 препараттың бағасы сол күйі тұр. Айгүл БАЛҒАБАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Негізінен бұл дәрілер дененің қызуына қатысты дәрілер, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, антибиотиктер мен антикагулянттардың бағасының өсуі байқалады. Бағаның өсуі пандемия кезіндегі ерекше тәртіптің 12 бабының жойылуына байланысты және ерекше тәртіп бойынша пандемия кезіндегі 30% маркетинг шығындарын алып тасталуына байланысты бағалардың саны өзгерді. Дәрілік заттарды белгіленген шекті бағадан асырып сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Соңғы 3 жылда 914 факті анықталып, 243 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Оның үшеуі биыл тіркелген.