2 адам көз жұмып, 20 адам зардап шекті: Қарағандыда көпірде жол апатын жасаған автобус жүргізушісі сотталды

Қарағандыда көпірдің үстінде қарсы бағытқа шығып жол апатын жасаған автобус жүргізушісі 9 жылға сотталды.КТК арнасының хабарлауынша, алғашында прокурор оған 7 жыл беруді сұраған. Алайда судья екі адам көз жұмып, 20-сы жарақат алған апатты жасаған жүргізушінің кінәні мойындамауы жазаны ауырлатты дейді.  «Ол әдейі істемесе, рөлден секірмес еді. Ол әдейі істемесе наушникпен сөйлеспес еді. Мен тура артында отырдым. Ол қалай сөйлескенін, қалай секіргенін бәрін көрдім. 10 ай ауруханадан шықпадық. Егер де ол қатты жүрмегенде, егер де ол телефонмен сөйлеспегенде бәрі басқаша болушы еді. Бүкіл жүргізушілерге бұл сабақ болу керек», - дейді зардап шегуші Аягөз Санақбай. Былтыр қарашаның 25-і күні таңғы сағат тоғызда 33 жастағы Айдын Оразов тізгіндеген автобус көпірдің үстінде қарсы бағытқа шыққан. Ол алдында келе жатқан екі автобустан озбақ болған. Санаулы секундтарда қарсы бағытта көпірге көтеріліп келе жатқан 41- ші бағытағы автобусқа соқтығысқан. Соның салдарынан автобустың 66 жастағы жүргізушісі сол жерде тіл тарпай кетті. Ал сотталушы тізгіндеген автобуста 19 жастағы студент қыз ауруханада көз жұмды. 20 шақты адам түрлі жарақаттар алып, кейбірі әлі емделіп жүр. Жүргізушінің өзі де ауыр жараланып, емделген. Алайда ол сот процесінде кінәсін мойындамай қойды. Сот шешімі бойынша қатты зардап шеккен екі адамға 1 миллион теңгеден өтеуі тиіс. Қалғаны келген моральдық шығындарын азаматтық сотта даулай алады. Сотталушының жағы үкіммен келіскен жоқ.  «Жылдамдықты асырғанын жоққа шығарды. Дөңгелектің желі шығып кетті деді. Көктайғақ болды деді. Кінәсін толық мойындаған жоқ. Аталаған бап 5 тен 10 жылға дейінгі жазаны қарастырады. Қылмысты жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды зерттей келе, 9 жыл бас бостандығынан айыру шешімі шықты», - деді судья Айгүл Мырзабекова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: ауланы жаңарту үшін бояуды қалай тегін алуға болады
Айгүл Үлкенбаева: Бұрын қазіргідей тамыр-таныстыққа жол берілмейтін...
Жанарбек Әшімжанов: Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі
Алматыда көктемгі дератизация жүріп жатыр
Алматыда борышкерлердің көліктері айыппұл тұрағына қойылуда
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда автокөлікті кезексіз тіркеу мүмкіндігі пайда болды
Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады
"Алып кетуге рұқсат, топырағымен бірге": Мұстафа Шоқайдың зираты бұзылғалы жатқаны рас па?
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
АҚШ Ресейдің банк саласы мен мұнайына қарсы санкцияларды күшейтеді
Алматыда төрт радикал ұсталды
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
"Жеті шелпек пісіру" ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі керек - қоғам белсендісі
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы уақытша тегін болады
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады