2 ақпан – Ұлттық басылым күні

Бүгін – Ұлттық басылым күні. Үкімет қаулысымен бекітілген мереке биыл алғаш рет аталып өтілуде. Қазақ баспасөзі тарихында бұл күннің тағылымы бөлек. Осыдан 111 жыл бұрын дәл осы күні «Қазақ» газеті жарыққа шықты. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттың сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сындарлы сәтте қазақ басылымдары ел үшін сапалы дереккөз болып қала бермек. Тәуелсіздік тұсында елде 10 республикалық газет-журнал жарық көрді. 21 теле-радио эфирге шықты. Ал қазір Қазақстанда ресми тіркелген 5802 БАҚ-ы бар. Оның 4-мыңға жуығы – мерзімді басылым. 212-сі -телеарна. 90-ы - радио, 1200-ден астамы ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар. Мемлекет басшысы баспасөз қызметкерлерін құттықтады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді. Баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біздің басылымдарымыз халықтың бірлігін нығайтуға атсалысып, Әділетті Қазақстанды құру ісіне елеулі үлес қоса береді деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тілеймін! Елдегі газет-журналдарға жазылу ісі қазір заманауи шешім тапты. «Қазпошта» ғана емес банк қосымшалары арқылы да онлайн-жазылу жұмыстары жүйеленді. Сала министрі Аида Балаева мемлекет тарапынан мерзімді баспасөзге ұдайы қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Барша әріптестерімді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Әлемде болып жатқан жаңа трендтерге қарамастан, мерзімді басылымдардың жөні бөлек, маңызы ерекше. Сол себепті, ұлттық медианы дамыту, бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру, журналистердің мәртебесін арттыру – негізгі мақсаттарымыздың бірі. Алдағы уақытта осы бағытта бәріміз бірлесе жұмыс істей береміз деп ойлаймын. Сіздерге шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілеймін! Тынышбек Дайрабаев қазақ баспасөзінде 30 жылдан астам еңбек етті. Айтуынша, "Қазақ" газетінде қаузалған көптеген мәселе әлі өзекті. Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі болған басылым әрқашан елдік мүддені көздеді, дейді. Тынышбек ДАЙРАБАЕВ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: Тәуелсіздік алып тұрған кезімізде, 30 жылдан асып бара жатқан уақытта бүкіл қазақ баспасөзінің тарихын Қазақ газетінің ізінен алуы - өте ұнамды. Бұл біздің қазақ баспасөзінің тарихын анау 13-ші жылға апарып тұр ғой. Тарихын кеңейтіп тұр. Қазір 100 жыл деп есептеуге болады. Баспасөз - ұлттың үні, мемлекеттің тұғыры. Президент атап өткендей, отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқара бермек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті