Қытайда пышақпен қаруланған адам ауруханадағы науқастарға шабуылдап, екі адамды қаза тапты. 21 адам жарақ алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 6 мамырда сағат 11.37-де Юньнань провинциясының Чжэнсун округінің ауруханаларының бірінде болған. Шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.Басылымның хабарлауынша, күдікті осы округтің Поззи ауылының тұрғыны болған. Істі тергеу жалғасуда. Деректерге сай мұнда бейбіт тұрғындар үшін жеке қару-жарақ ұстау заңсыз әрекет. Қытай соңғы жылдары қоғамдық орындарда қарулы шабуылдар толқынына тап болуда. Өткен жылы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы балабақша маңында алты адам қаза тауып, біреуі пышақтан жарақат алған болатын. Осындай оқиға 2020 жылы Гуансидің оңтүстік аймағындағы мектепте болды. Онда 37 бала мен екі ересек адам жарақат алды.