«Қазгидромет» еліміз бойынша 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.«Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады. Соған байланысты күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады. Қатты жел соғады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жауын жауады. 21 шілдеден бастап елдің батысында Солтүстік-Батыс антициклонына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-18 градус жылы болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.