Франция тұрғыны Лоранс ван Вассенхов 20 жылдан бері France telecom компаниясынан жалақы алып келген. Ешқандай жұмыс пен тиісті тапсырма берілмеді деген әйел компанияны сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central порталына сілтеме жасап хабарлайды. Деректерге сай Лоранс Ван Вассенхов 1993 жылы France telecom компаниясына жұмысқа қабылданып, кейін компания Orange корпорациясына өткен. Бірінші жұмыс беруші әйелдің туылғаннан бастап гемиплегиямен (бет пен аяқ-қолдың ішінара сал ауруымен) ауыратынын біліп, оған денсаулық жағдайына бейімделген лауазым ұсынған. Вассенхов 2002 жылға дейін кадрлар бөлімінде хатшы болып жұмыс істеді. Содан кейін өзін Францияның басқа аймағына ауыстыруды өтінген. Оның өтініші мақұлданғанымен жаңа жұмыс орны оның денсаулық қажеттіліктеріне сәйкес келмеген. Orange компаниясы ерекше қажеттілігі бар қызметкерге жағдай жасамаған. Ал әйел 20 жыл ішінде ешқандай жұмыс міндеттерін орындамаған, әйтсе де толық жалақы алып отырған.Әйел бірнеше рет жұмыс берушінің назарын аударуға тырысқан. 2015 жылы ол ел үкіметі мен сотқа "денсаулығына байланысты жұмыста моральдық қысым мен кемсітушілік" туралы шағым түсірді. Ол әлі де бос отыратынын, бірақ сонда да үнемі жалақы алатынын алға тартты. "Ерекше қажеттілігі бар адам үшін жұмыс істеу бұл қоғаммен байланысты білдіреді. Алайда Лоуренс Ван Вассенхов 20 жыл бойы тапсырма келеді деген үмітпен күтті. Ал компания оны өз еркімен жұмыстан шығуын күткен", – деді Лоуренстың адвокаты.Orange компаниясы Ван Васснеховтың ісіне қатысты әйелдің өзі үшін ең жақсы жағдайда жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтты. Корпорация сонымен қатар әйелдердің "жеке әлеуметтік жағдайын" ескеріп, оған үнемі толық жалақы, сондай-ақ бірнеше қайтарылмайтын жәрдемақы төлегендерін атап өтті. Компания әйелге лауазымына сай бірнеше рет жұмыс ұсынылғанын да жеткізді. Алайда ол ауруханадамын деп бас тартып отырған.