20 жыл ештеңе істемей жалақы алып келген әйел тапсырма бермегені үшін компанияны сотқа берді

Франция тұрғыны Лоранс ван Вассенхов 20 жылдан бері France telecom компаниясынан жалақы алып келген. Ешқандай жұмыс пен тиісті тапсырма берілмеді деген әйел компанияны сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central порталына сілтеме жасап хабарлайды. Деректерге сай Лоранс Ван Вассенхов 1993 жылы France telecom компаниясына жұмысқа қабылданып, кейін компания Orange корпорациясына өткен. Бірінші жұмыс беруші әйелдің туылғаннан бастап гемиплегиямен (бет пен аяқ-қолдың ішінара сал ауруымен) ауыратынын біліп, оған денсаулық жағдайына бейімделген лауазым ұсынған. Вассенхов 2002 жылға дейін кадрлар бөлімінде хатшы болып жұмыс істеді. Содан кейін өзін Францияның басқа аймағына ауыстыруды өтінген. Оның өтініші мақұлданғанымен жаңа жұмыс орны оның денсаулық қажеттіліктеріне сәйкес келмеген. Orange компаниясы ерекше қажеттілігі бар қызметкерге жағдай жасамаған. Ал әйел 20 жыл ішінде ешқандай жұмыс міндеттерін орындамаған, әйтсе де толық жалақы алып отырған.Әйел бірнеше рет жұмыс берушінің назарын аударуға тырысқан. 2015 жылы ол ел үкіметі мен сотқа "денсаулығына байланысты жұмыста моральдық қысым мен кемсітушілік" туралы шағым түсірді. Ол әлі де бос отыратынын, бірақ сонда да үнемі жалақы алатынын алға тартты. "Ерекше қажеттілігі бар адам үшін жұмыс істеу бұл қоғаммен байланысты білдіреді. Алайда Лоуренс Ван Вассенхов 20 жыл бойы тапсырма келеді деген үмітпен күтті. Ал компания оны өз еркімен жұмыстан шығуын күткен", – деді Лоуренстың адвокаты.Orange компаниясы Ван Васснеховтың ісіне қатысты әйелдің өзі үшін ең жақсы жағдайда жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтты. Корпорация сонымен қатар әйелдердің "жеке әлеуметтік жағдайын" ескеріп, оған үнемі толық жалақы, сондай-ақ бірнеше қайтарылмайтын жәрдемақы төлегендерін атап өтті. Компания әйелге лауазымына сай бірнеше рет жұмыс ұсынылғанын да жеткізді. Алайда ол ауруханадамын деп бас тартып отырған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
World Boxing: Азия конфедерациясы құрылды
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
«Ешкім кездесуге шақырмайды»: Назым Қызайбай жан сырын ақтарды
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Қарттар неліктен жалғыздықтан ауырады? Психолог түсіндірді
«Ешкім кездесуге шақырмайды»: Назым Қызайбай жан сырын ақтарды
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
«Тоқал болғым келеді» – танымал блогер
Түркістан облысында 12 жастағы оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды
Алматыда басшылық қызмет атқарған екі адам 150 млн жымқырған
Павлодарда жол апатынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды, екі жеткіншек ауруханада жатыр
Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралғанын жеткізді (ВИДЕО)
Қарағанды облысында ер адам танысының шотынан ақша ұрлап кеткен
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 8 адамды құтқарды
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді
Арақ VS шарап. Ағзаға ең зиян ішімдік қайсы?
World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясы құрылғанын хабарлады
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты