Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50% арттыру туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды aikyn.kz.Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды. «Азаматтарға тексерілмеген сілтемеге кірмеу, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз»,– деп ескертеді министрлік.