20 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті бақылауда

Ішкі істер органдарының қызметкерлері су тасқынына ұшыраған өңірлерде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді.«Ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмысты күшейтілген режимде жалғастыруда. Жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Күн сайын 20 мыңнан астам қызметкер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлескен авариялық-құтқару операцияларына қатысуда. Оған 4 мыңнан астам полицей мен әскери қызметшілер, ведомстволық академиялардың курсанттары тартылды», - деді Ақтоты Боранова ОҚК-де өткен брифингіде. ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, су басқан аймақтарда Полиция ведомствосының 700-ге жуық техникасы жұмылдырылған. Бұл патрульдік автокөліктер, қызметтік автобустар, камаздар, 2 тікұшақ және 2 ұшақ бар. «Тәртіп сақшыларының көмегімен 10 мың метрден астам арық тазартылды. Су ағынын бөгеу үшін 144 мыңнан астам құм салынған қап төселді. Су тасқыны басталғалы 12,6 мың адам эвакуацияланды, оның ішінде 300-ге жуық адам тікұшақпен құтқарылды. Қазір полицияның қорғауында 9 135 тұрғын үй және басқа да нысандар бар, тонауға жол берілмейді», - дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теңге бағамына нарықтан тыс, әкімшілік жолмен әсер ету өте қауіпті – Айбар Олжаев
«Сағындырып, сағындым…»: Жұлдыз Әбдікәрімова өмірінде өзгеріс болғанын айтты
«Өңшең банда, фанерщиковтердің құтырған шоуы»»: Ерлан Төлеутай Жаңа жылда «іш пыстырған» телеарналарды сынады
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды