20 наурыз - ұлттық спорт күні

Көшпенді өркениеттің спорттық рухыҰлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Ат жарыстарын (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирлерді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту) өткізу қазақстандықтардың жалпыға ортақ мерекені сезініп, төл дәстүрлерімізді жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ат спорты, оның ішінде бәйге көшпелі өркениеттің бірегей мұрасы ретінде ерекше қастерлі. Ата-бабаларымыз әлемге ат спорты мәдениетін сыйлап, ат спортының дамуына жол ашқаны – даусыз дерек. Осы себепті Наурызнама кезеңінде бәйге бойынша ҚР Президентінің жыл сайынғы арнайы сыйлығы тағайындалды. Жалпы, дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты, адам өмірі, еңбегі, ұлттық негіздер, ар-намыс, қадір-қасиет, батылдық, күш-қайрат, ептілік, төзімділік және жылдамдық сияқты қадір-қасиеттерді бейнелейді.Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес. Онда көшпелі тұрмыстың рухы бар, Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналатын.Қазіргі кезде дәстүрлі спорт түрлеріне деген ықылас ел ішінде ғана емес, шетелде де артып келеді. Бұл да заңдылық, себебі атқа отырып, құс салып, садақ тартқанда, біз ата-бабаларымыздың даналығы мен сұлулығын паш ететін мәдени құбылыс тудырамыз. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Екінші жағынан, Наурызнаманың бір күнін ұлттық спорт тақырыбына арнау – бізде ғаламдық деңгейде мақтан тұтатын мұра бар екенін түйсініп, мықты рух пен ерік-жігер тұрғысынан үлгі тұтатын бабаларымызды еске түсіруге себеп.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екпе туралы ғылыми негіздегі ақпаратқа сүйену маңызды - дәрігер
«Букмекерлік кеңселерге аударылған қаражатты қайтару». Министрлік түсініктеме берді
Бейсенбінің ауа райы болжамы
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай