"200-дей адам мерт болады". Смайылов зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер жайлы айтты

Қазақстанда 500 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш өндірістік процестерді автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы деңгейін арттыру есебінен жыл сайын азайып келеді. Ал бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді. Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады, - деді үкімет басшысы. Смайылов оған мысал ретінде биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өскенін айтады. Бұрынғы «АрселорМиттал Теміртауда» соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлардың саны 7 еседен астам өскен. Өндірісте қазір қолданылып жүрген жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесі жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандырмайды. Бүгінде кәсіпорындардың тек 32%-і ғана өз қызметкерлерін сақтандырып отыр, - деді ол. Премьердің айтуынша, көптеген елдерде өмірді сақтандыру компаниялары сақтандыру сыйлықақысының белгілі бір бөлігін превентивті іс-шараларға бағыттайды. Яғни, оларда қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігіне оқытуға, ұжымдық және жеке қорғау құралдарын сатып алуға басымдық беріледі. Біз де осындай жүйеге көшуіміз керек. Осы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030-шы жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат ең алдымен, кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекелдер алдын-ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс. Жалпы алғанда, Тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруы керек, - дейді Әлихан Смайылов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды
Ақтауда ер адам жыныс мүшесін шығарып, кішкентай қыздарға тиіскен: күдікті небәрі 40 күнге қамалуы мүмкін
«Иә деді»: Сарбаз ант беру рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Хоккей: Қазақстан құрамасы XXXII Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады
АШМ: Былтыр елімізде 26,7 млн тонна астық жиналды
«Ол зат па не?»: күйеуіне тоқал сыйлаған әйел адам сынға ұшырады (ВИДЕО)
Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?
Атыраудағы мектептердің бірінде оқушылар қашықтан оқиды
Солтүстік Қазақстанда шаруашылық құрылыс пен үй өртенді
Тендер ұтып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды
Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео жарияланды
Бүркіт: Балаларымды ақылы мектептен шығарып алдым
Керлингтен қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді (ВИДЕО)
Тұман түсіп, жел күшейеді: 13 қаңтардағы ауа райы болжамы
«Сәби сүюді жоспарласаңыз»: уролог орындығын қыздырып жүретін жүргізушілерге ескерту жасады (ВИДЕО)
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды қалай тұтынады
"Астана" ВТБ лигасында оңбай ұтылды (ВИДЕО)
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындар суды қалай тұтынады
Отандық 78 өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді